18 Маусым, 2015

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №67

288 рет
көрсетілді
32 мин
оқу үшін
2015 жылғы 29 қаңтар, Астана қаласы Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою қағидаларын бекіту туралы «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада бекітілген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Респубикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.Қ. Жұмағалиевке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ. «КЕЛІСІЛДІ»: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _____________________ Е.ДОСАЕВ. 2015 жылғы 12 ақпан Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы №67 бұйрығымен бекітілген Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникациялар желісінің нөмірлеу ресурстарын бөлу және пайдалану тәртібін анықтайды. 2. Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникациялар желісінің нөмірлеу ресурстарын реттеу нөмірлеу ресурстарын бөлуді және олардың пайдалануын бақылауды қамтитын ерекше функциясы болып табылады. Мемлекеттік реттеу байланыс операторларының, қызметтер провайдерлерінің және арнаулы, ведомстволық және корпоративтік телекоммуникация желілері иелерінің, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың оларға нөмірлеу ресурсын тағайындау бойынша қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында: 1) байланыс қызметтерін ұсыну немесе басқарушылық мақсаттардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету; 2) шұғыл және анықтамалық-ақпараттық, тапсырыс беру қызметтеріне қол жеткізуді ұйымдастыру; 3) телефондық нөмірлеу ресурстарын пайдаланатын телекоммуникациялар желілерін ұтымды дамыту мен өзара іс-қимыл жасауы; 4) байланыстың жаңа қызметтерін енгізу үшін жүзеге асырылады. 3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) ABC коды – географиялық нөмірлеу аймағының телекоммуникациялық желісін не оның бір бөлігін сәйкестендіретін код; 2) DEF коды – географиялық емес нөмірлеу аймағының интеллектуалды байланыс желісінің қызметін немесе телекоммуникациялық желіні сәйкестендіретін код; 3) «Х1» индексі – географиялық тұрғыда белгіленетін нөмірлеу аймағы абонентінің аймақтық телефон нөмірінің миллиондық нөмірлер тобының коды; 4) «Х1Х2» индексі – географиялық тұрғыда белгіленетін нөмірлеу аймағы абонентінің аймақтық телефон нөмірінің жүз мыңдық нөмірлер тобының коды; 5) «Х1Х2Х3» индексі – географиялық тұрғыда белгіленетін нөмірлеу аймағы абонентінің аймақтық телефон нөмірінің он мыңдық нөмірлер тобының коды; 6) желінің нөмірлеу сыйымдылығы – телекоммуникациялар желісінің ақырғы пайдаланушылық жабдығын сәйкестендіретін нөмірлер саны; 7) желіні нөмірлеудің жоспарланатын сыйымдылығы – белгілі бір кезеңге желіні дамыту кезінде байланыс операторы қол жеткізуді жоспарлайтын телекоммуникациялар желісінің нөмірлеу сыйымдылығы; 8) желіні нөмірлеудің қолданыстағы сыйымдылығы – желіде жалғанған барлық ақырғы (пайдаланушылық) жабдықтарды сәйкестендіретін нөмірлерді, сонымен қоса бақылауда және қызметтік мақсаттарда қолданылатын нөмірлерді, сондай-ақ оларға қызмет көрсеткені үшін абоненттік төлем алынатын, пайдаланушы броньдаған нөмірлерді есепке алатын желіні нөмірлеудің сыйымдылығы; 9) желіні нөмірлеудің ең жоғарғы ықтимал сыйымдылығы – желіде қабылданған нөмірлеудің мәнділігі шеңберінде желіні нөмірлеудің ең жоғарғы сыйымдылығы; 10) зияткерлік желі – деректерді беруді және өңдеуді бірлестіретін коммуникациялық желі; 11) қолжетімді нөмірлеу ресурсы – қолдануға техникалық мүмкіндік бар нөмірлеудің бос ресурсы; 12) қызмет провайдері – меншікті байланыс инфрақұрылымы жоқ және пайдаланушыларға байланыс операторларының желілері арқылы телекоммуникация қызметтерін көрсететін жеке немесе заңды тұлға; 13) қызмет абонентінің логикалық нөмірі – Х1...Хn интеллектуалды байланыс желісі қызметтері абоненті нөмірінің тікелей қызмет абонентін сәйкестендіретін бөлігі; 14) нөмірдің «көшуі» (nomadicity) – тіркелген телефон байланысы желісіндегі пайдаланушының өзінің желілік қолжетімділік нүктесін ауыстыру қабілеті; 15) нөмірлеу ресурсын алушы – байланыс операторы, қызмет провайдері, ведомстволық телекоммуникациялар желісінің, арнайы тағайындалған телекоммуникациялар желісінің, корпоративті желінің иесі, сонымен қатар қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының нөмірлеу жүйесі мен жоспарына сәйкес бөлінген нөмірлеу ресурсын қолданатын жеке және заңды тұлғалар; 16) белгіленген аумақта немесе DEF кодымен нөмірлеу аймағында нөмірлеу ресурсының шектелу – белгіленген аумақта немесе DEF кодымен нөмірлеу аймағында жұмыс істейтін телекоммуникациялар желісінің жағдайы, бұл ретте барлық байланыс операторларына бөлінген және байланыс операторларының өтініші бойынша сұралатын нөмірлеу ресурсы қолжетімді мөлшерден 90 пайыз жоғары; 17) өтiнiш берушi – нөмірлеу ресурсын бөлу немесе алып қою туралы өтiнiш жасаған жеке немесе заңды тұлға; 18) префикс – нөмірдің, желілердің, қызметтердің, байланыс операторларының түрлі тұрпаттарын таңдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бір саннан немесе одан көп белгілерден тұратын индикатор; 19) уәкілетті орган – байланыс саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, байланыс саласында қызметтер көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды, үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган. 4. Телекоммуникациялар желілері үшін нөмірлеу ресурсын бөлу байланыс қызметтерін көрсету саласындағы қызметті іске асыру лицензиясына ие, ведомстволық корпоративті желілердің және арнайы тағайындалған телекоммуникациялар желілерінің иелерін, байланыс операторларының, қызмет провайдерлерінің өтініші, сондай-ақ қызмет көрсету кезінде шұғыл және анықтамалық-ақпараттық, тапсырыс беру қызметтеріне қолжетімділік нөмірлерін ұйымдастыру үшін нөмірлеу ресурсын қолданатын жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша уәкілетті орган жүзеге асырады. 5. Телефондық байланыс қызметтерін және телефондық нөмірлеуді пайдалану арқылы қамтамасыз етілетін қызметтерді көрсетуге арналған Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникациялар желісінің нөмірлеу ресурсына (бұдан әрі – нөмірлеу ресурсы): 1) жалпы пайдаланылатын телекоммуникациялар желісінің географиялық анықталатын нөмірлеу аймақтарының «АВС» кодтары; 2) нөмірлеудің географиялық анықталатын аймағында жергілікті телекоммуникациялар желілерінің «Х1», «Х1Х2» және «Х1Х2Х3» индекстері; 3) ұтқыр телекоммуникациялық байланыс желілерінің, соның ішінде ұялы байланыс желілерінің, жылжымалы радиотелефон байланысы желілерінің, транкингтік байланыс желілерінің, жылжымалы жерсеріктік байланыс желілерінің географиялық емес тұрғыда белгіленетін нөмірлеу аймақтарының «DEF» кодтары; 4) ведомстволық телекоммуникациялар желілерінің, арнайы тағайындалған телекоммуникациялар желілерінің, корпоративті желілердің географиялық емес тұрғыда белгіленетін анықталатын нөмірлеу аймақтарының «DEF» кодтары; 5) байланыс операторлары өзінің абоненттеріне – желі учаскелерінің әр түрлі әкімшілік аумақтарына бөлінген біріктіруді талап ететін қосымша қызметтерді заңды тұлғаларға ұсыну үшін тіркелген телефон байланысы желілерінің географиялық емес тұрғыда белгіленетін нөмірлеу аймақтарының «DEF» кодтары мен «DEF» кодындағы «Х1», «Х1Х2» индекстері; 6) абоненттерді нөмірдің «көшу» (nomadicity) функциясымен қамтамасыз ететін, тіркелген телефонды байланыс желілерінің географиялық емес анықталатын нөмірлеу аймағының «DEF» кодтары мен «DEF» кодындағы «Х1», «Х1Х2» индекстері; 7) ведомстволық, корпоративті және нөмірлеудің сыйымдылығы 100 мың нөмірден аспайтын, басқа географиялық бөлінген телекоммуникациялар желілерінің географиялық емес анықталатын нөмірлеу аймағының «DEF» кодындағы «Х1», «Х1Х2» индекстері; 8) қызметтерге қолжетімділік кодтары: қалааралық және (немесе) халықаралық телефондық қосылуларды ұсыну үшін IP-телефония (Интернет-телефония); Интернет желісіне қолжетімділік; байланыстың зияткерлік желілері; қалааралық және (немесе) халықаралық желінің коммутациялық станциясы техникалық қызметкерлерінің бақылау-сынақ жабдықтарына қолжетімділік; 9) қызметтерге қолжетімділік кодтарын пайдаланумен байланыс қызметтерін ұсынатын (Х1Х2Х3)/(Х1Х2Х3Х4) операторлар кодтары; 10) «1UV (Х1(Х2))» шұғыл жедел, ақпараттық-анықтамалық және тапсырыс беру қызметтеріне қолжетімділік нөмірлері; 11) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларын таңдау префикстері; 12) «АВС» кодымен нөмірлеудің географиялық белгіленетін аймағындағы жергілікті телекоммуникациялар желісінің нөмірлеу ресурсы; 13) қызметтерге қолжетімділік кодтарын пайдаланумен (Х4Х5Х6Х7)/(Х5Х6Х7) қызметтер абоненттерінің логикалық нөмірлері кіреді. 6. Нөмірлеу ресурсы Қазақстан Республикасының ұлттық ресурсының бір бөлігі ретінде иелікке алынбайтын болып табылады (сатуға, жалға беруге болмайды, кәсіпорынды қайта ұйымдастырудың немесе таратудың нәтижесінде құқықтық мирасқорға берілмейді). Байланыс операторына нөмірлеу ресурсы телекоммуникациялар қызметін көрсету үшін желі абоненттеріне нөмірлерді бөлу немесе қызметке қолжетімділікті ұйымдастыру арқылы пайдалануға бөлінеді. Бір байланыс операторының нөмірлеу ресурсын нөмірді тасымалдау қызметінен басқа, қызметтерді көрсету мақсатында пайдалану үшін басқаға беруіне жол берілмейді. 7. Уәкілетті орган нөмірлеу ресурсын есепке алу бойынша жұмысты ұйымдастырады және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бөлінген және резервтік нөмірлеу ресурстарының тізілімін жүргізеді. 8. Нөмірлеу ресурсын алған байланыс операторлары, қызметтер провайдерлері және желілердің иелері, олар анықтайтын нөмірлеу жоспарына сәйкес алынған нөмірлеу ресурсын қызмет көрсетілетін аумақ бойынша немесе байланыс қызметтері бойынша бөледі. Белгіленген нөмірлеу жоспарының көшірмесі және пайдаланылатын (қолданыстағы) нөмірлеу туралы мәліметтерді байланыс операторлары, желілердің иелері, қызметтер провайдерлері жыл сайын 30 қаңтардан кешіктірмей уәкілетті органға Қазақстан Республикасының нөмірлеу жоспарына қосу үшін ұсынады. 9. Нөмірлеу ресурсын бөлу мен нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою уәкілетті орган құратын Нөмірлеу ресурсын бөлу комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) ұсынымы бойынша жүзеге асырылады. Нөмірлеу ресурсын бөлу, сондай-ақ оларды алып қою туралы шешім уәкілетті органның бұйрығымен расталады. 2. Нөмірлеу ресурсын бөлу тәртібі 10. Абоненттерді нөмірдің «көшу» (nomadicity) функциясымен қамтамасыз ететін тіркелген телефондық байланыс желілерінің географиялық емес тұрғыда белгіленетін нөмірлеу аймақтарының «АВС» кодтары, «DEF» кодтары, қызметтерге қолжетімділік кодтарының нақты алушысы жоқ және олар Қазақстан Республикасының нөмірлеу жүйесі мен жоспарына сәйкес уәкілетті органмен белгілі бір аумаққа немесе телекоммуникациялар қызметінің түріне бекітіледі. Нөмірлеудің бір географиялық белгіленетін аймағының нөмірлеу ресурстарын басқа географиялық анықталатын аймақта пайдалануға рұқсат етілмейді. Нөмірлеудің географиялық тұрғыда белгіленетін анықталатын аймағының нөмірлеу ресурсы осы аймақта жұмыс істейтін тіркелген байланыс желілерінің операторлары үшін ортақ болып табылады. 11. Уәкілетті орган «АВС» кодымен нөмірлеудің географиялық белгіленетін аймағында жергілікті телекоммуникациялар желілерінің «Х1Х2», «Х1Х2Х3» индекстерін жоспарлау мен бөлуді, олардың ауыстырылуын немесе резервке қоюды нөмірлеудің әр географиялық белгіленетін аймақтың қолданыстағы нөмірлеу жоспарларына сәйкес іске асырады. 12. Байланыс операторына нөмірлеудің географиялық анықталатын аймақтың аумағында (үстеме желі) орналасқан бірнеше жергілікті желілерді сәйкестендіру үшін осы аймақтың «АВС» коды ресурсынан бос «Х1Х2» индексі бөлінуі мүмкін. «Х1Х2» индексі байланыс операторына нөмірлеудің географиялық белгіленетін аймағының аумағында байланыс операторы жергілікті желілерінің қосынды жоспарланған сыйымдылығы 15 мыңнан кем емес нөмір құрағанда, ал нөмірлеу ресурсын алу өтінішін берген уақыттағы байланыс операторының қолданыстағы жергілікті желілерінің сыйымдылығы – жоспарланғаннан 50 пайыздан кем емес құрайтын жағдайда ғана бөлінеді. Нөмірлеудің географиялық тұрғыда белгіленетін аймағында байланыс операторының жергілікті желілерінің қосынды сыйымдылығы ең жоғары мүмкін болатын нөмірлеудің 90 пайызына дейін (72 мың нөмір) жоғарылаған жағдайда байланыс операторына бір индекстен көп «Х1Х2» бөлінеді. 13. «АВС» кодымен нөмірлеудің географиялық тұрғыда белгіленетін аймағындағы жергілікті телекоммуникациялар желілерінің нөмірлеу ресурсы телекоммуникациялар желілерінің нөмірлеу ресурстарын бөлуге арналған өтініште көрсетілген көлемнің 50 пайыздай мөлшерінде бөлінеді. Нөмірлеу ресурсының 50 пайыз мөлшеріндегі қалған бөлігі нөмірлеу ресурсын алушыға резервке беріледі және бөлінген ресурстың қолданыста болу шегі бойынша ресурс алушы пайдаланады. 14. Егер нақты аумақта барлық байланыс операторларына бөлінген және нөмірлеу ресурсын бөлуге арналған байланыс операторлары өтініштері бойынша сұралатын жергілікті телекоммуникациялар желісінің нөмірлеу ресурсы қолжетерлік ресурстан 90 пайызға жоғары болса, онда Комиссияның хаттамалық шешімімен ресурсқа шектеудің болғандығы тіркеледі. Ресурстың шектеулілігі туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында Комиссияның хаттамалық шешіміне қол қойылған күнінен бастап 10 күн ішінде жарияланады. Уәкілетті орган жергілікті желінің нөмірлеу ресурсын ұлғайту бойынша мынадай шаралар қабылдайды: 1) нөмірлеу ресурсын қайта бөлу арқылы (талдау жүргізу және нөмірлеу ресурсын алушымен бөлінген мерзімнен бастап екі жыл ішінде 50 пайыздан астам бөлінген жергілікті телекоммуникациялар желісінің нөмірлеу ресурсынан пайдаланбағанын анықтау); 2) Қазақстан Республикасының нөмірлеу жүйесі мен жоспарына сәйкес жергілікті желіде абоненттің 5 таңбалы нөмірінен 6 таңбалыға, жергілікті желіде абоненттің 6 таңбалы нөмірінен 7 таңбалыға ауыстыру жолы арқылы. 15. Ұялы байланыс, ұтқыр телекоммуникациялық байланыс (оның ішінде жылжымалы радио/радиотелефон байланысы және транкингтік байланыс), жылжымалы жерсеріктік байланыс желілеріне Қазақстан Республикасының барлық аумағында (республикалық желілер) қызметтер ұсынған жағдайда берілген лицензияның негізінде нөмірлеудің географиялық емес анықталатын аймағының «DEF» кодтары бөлінеді. Желі сыйымдылығының ең жоғарғы мүмкіндігінен 90 пайызға дейін жоғарылаған жағдайда, осы желіге жаңа DEF коды бөлінеді. Өңірлік ұялы байланыс желілеріне, бөлек елді мекендер аумағында жұмыс істейтін ұтқыр телекоммуникациялық байланыс желілеріне (оның ішінде жылжымалы радио/радиотелефон және транкингтік байланыс желілеріне) нөмірлеудің географиялық анықталатын аймағының шегінде осы географиялық анықталатын аймағының нөмірлеу ресурсы бөлінеді. 16. Егер өтініш беруші желі учаскелерін (фрагменттерін) бір нөмірлеу кодымен біріктірген жағдайда басқарушылық және өндірістік қызметтің тиімділігін едәуір жоғарылайтындығын дәлелдейтін негіздеулер келтіретін болса, ведомстволық, корпоративтік желілерге және арнайы тағайындалған байланыс желілеріне «DEF» кодтары бөлінеді. Ведомстволық және корпоративтік желілерге «DEF=767» кодындағы «Х1Х2» индексі, желінің қосынды сыйымдылығы кем дегенде 100 мың нөмір болған жағдайда ғана бөлінеді. Заңды тұлғаларға нақты нөмірлеудің географиялық анықталатын аймағына байланбаған, ведомстволық және корпоративтік желілерді ұйымдастыру қызметтерін ұсынатын тіркелген байланыс операторына «DEF» коды немесе «DEF=767» («DEFХ1Х2») кодындағы индекс бөлінеді. Ведомстволық және корпоративтік желілерге «DEF»/«DEFХ1Х2» кодтарын бөлумен қатар, желілерді пайдаланушыларға қолайлылықты қамтамасыз ету мақсатында «АВС» кодымен нөмірлеу аймағында жергілікті желілердің нөмірлеу ресурсын тағайындауға рұқсат етіледі. 17. «DEF» кодтарын немесе «DEF» кодтарындағы «Х1Х2» индекстерін, жергілікті телекоммуникациялар желілерінің «АВС» кодтарындағы «Х1Х2», «Х1Х2Х3» индекстерін алған байланыс операторлары және желілер иелері бұдан әрі нөмірлеу ресурсын бөлуді өздері әзірлейтін нақты желілердің нөмірлеу жоспарларына сәйкес дербес іске асырады. 18. Бөлінген телекоммуникациялар желілерінің нөмірлеу жоспарын осы желілер операторлары дербес (желілерді, коммутациялық станцияларды идентификациялау, абонент нөмірлерінің мәнділігі) анықтайды. Ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желісі мен бөлінген желінің түйіскен жағдайда ол Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникациялар желісінің басқа желілер санаттарына ауысады, желінің нөмірленуі осы Қағидаларға сәйкес өзгертіледі. 19. Байланыс операторларына ABC және DEF кодтарында қысқа нөмірлерді өз бетінше бөлуге жол берілмейді. 20. Операторды таңдау префикстері «12ХХ» тек қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларына бөлінеді, бұл ретте байланыс операторына қалааралық, сондай-ақ халықаралық байланыс үшін пайдаланылатын қалааралық және (немесе) тек бір префиксі бөлінеді. 21. Байланыс операторына (қызмет провайдеріне) ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желісі абоненттерінің деректерді беру қызметтеріне қол жеткізуін ұйымдастыру мақсатында жергілікті телефон нөмірлерін бөлуге рұқсат етіледі, оның ішінде Интернет желісіне қол жеткізу қызметінің провайдері болып табылатын жергілікті желі байланысының операторы оның жергілікті желісіне бекітілген нөмірлеу ресурсынан жергілікті телефон нөмірін пайдаланады, сонымен қатар бұл нөмір уәкілетті органның бұйрығымен қызметтерге қолжеткізілген нөмір ретінде бекітіледі. 22. IP-телефония (Интернет-телефония) қызметін көрсету үшін уәкілетті орган тағайындаған қызметтердің қол жеткізу кодындағы нөмірін пайдаланумен қатар қалааралық және халықаралық байланыс операторларының анықтамалық-ақпараттық және тапсырыстық қызметтеріне қатынауға арналған диапазонынан «1UV (Х1(Х2))» жергілікті телефон нөмірі пайдаланылуы мүмкін, бұл ретте бұл нөмір уәкілетті органның бұйрығымен қызметке қолжеткізілген нөмір ретінде бекітіледі. 3. Нөмірлер бөлу, сондай-ақ оларды алып қою тәртібі 23. Нөмірлеу ресурсын алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірыңғай телекоммуникациялар желісінің нөмірлеу ресурсын бөлуге арналған өтініш; 2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түсіндірме жазба. 24. Нөмірлеу ресурсын алып қою үшін өтініш беруші осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші ресімдеген, бірыңғай телекоммуникациялар желісінің нөмірлеу ресурсын алып қоюға арналған өтінішті тапсыруы қажет. 25. Көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады: 1) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторына қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын таңдау префиксін алу үшін уәкілетті органға әр аймақта оператордың болуын қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын таңдау мақсатында желілердің қосылуының стандартты нүктесі болып табылатын оператор желісінің транзитті коммутациялық станциялар тізбесін ұсынуы қажет; 2) байланыс операторына (қызмет провайдеріне) қайта енгізілетін немесе бұрын қолданыстағы қызметтерге қол жеткізу кодын пайдаланып, байланыс қызметтерін көрсететін оператордың «Х1Х2Х3(Х4)» кодын алу үшін уәкілетті органға келесі құжаттарды ұсыну қажет: - қызметтің толық сипаттамасы; - осы қызметті ұйымдастырудың мақсаттылығын негіздеу; - ұсынылатын қызметті көрсету әдісінің нақты сипаттамасы; - шақыруларды тарифтеу және бағытттау жөніндегі ұсыныстар. Қызметті абоненттеу кезінде байланыс операторымен (қызмет провайдерімен) «(Х4)Х5Х6Х7» қызметтер абоненттерінің логикалық нөмірлері бөлінеді. 26. Нөмірлеу ресурсын бөлу немесе алып қою үшін өтiнiштерді қабылдау, сондай-ақ нөмірлеу ресурсын бөлу, сондай-ақ оларды алып қою туралы бұйрықты немесе бас тарту себебі көрсетілген сұралып отырған нөмірлеу ресурсын бөлуден дәлелді бас тартуды беру: - халыққа қызмет көрсету орталығы; - «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. 27. Өтініш беруші нөмірлеу ресурсын бөлу, сондай-ақ оларды алып қою туралы бұйрықты немесе сұралып отырған нөмірлеу ресурсын бөлуден бас тарту себебi көрсетілген дәлелдi жауапты құжаттар берілген күнінен бастап кемінде 30 жұмыс күнінде алады. 28. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 23-25-тармақтарында көрсетілген құжаттарды толық ұсынбау фактісін анықтаған жағдайда, құжаттар берілген күнінен бастап кемінде 2 жұмыс күнінде өтініш берушіге өтінішті одан әрі қараудан бас тарту жөніндегі дәлелдi жауапты береді. Кейіннен осы Қағидалардың 23-25–тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынбау немесе толық пакетін ұсынбау, нөмірлеу ресурсын бөлуден бас тартуға негіз бола алмайды. 29. Уәкілетті орган сұратылатын нөмірлеу ресурсын бөлуден мынадай негіздердің бірі болған кезде бас тартады: 1) бұл аумақтағы нөмірлеу ресурсының шектеулілігі; 2) Қазақстан Республикасының нөмірлеу жүйесі мен жоспарына сұратылған нөмірлеу ресурсының сәйкес келмеуі; 3) өтініш беруші қарауға ұсынған құжаттарда қате немесе бұрмаланған ақпараттың болуы; 4) байланыс желісін құру сызбасы мен байланыс қызметін сипаттау өтінішімен бірге ұсынылған сұратылған нөмірлеу ресурсына нөмірлеу ресурсын пайдалануы болжанатынын көрсету үшін сәйкес келмеуі. Түсіндірме жазбада көрсетілген мәліметтерді тексеру үшін өтініш берушінің құжаттары байланыс саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне жолданады. Осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында келтірілген нөмірлеуді бөлуден бас тарту себептерінің тізбесі толық болып табылады. 30. Заңның 8-бабының 1-тармағы 19-14) тармақшасына сәйкес бекітілген Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына сәйкес телекоммуникациялар қызметін көрсетуге абонент және байланыс операторы (қызмет провайдері) арасында шарт жасалғанда байланыс операторы (қызмет провайдері) абоненттерге оператор желісінің нөмірлеу жоспарынан абоненттік нөмірлер береді. 31. Қазақстан Республикасының нөмірлеу жүйесі мен жоспары өзгерген жағдайда, уәкілетті орган 30 жұмыс күні ішінде байланыс операторларына және телекоммуникациялар желілерінің иелеріне бөлінген нөмірлеу ресурсының, сондай-ақ нақты алушысы жоқ нөмірлеу ресурсының өзгеруі туралы шешім қабылдайды. Уәкілетті орган байланыс операторларына, қызметтер провайдерлеріне, телекоммуникациялар желілерінің иелеріне бөлінген нөмірлеу ресурсын өзгерту туралы шешімінің қабылданғаннан кейін 10 жұмыс күнінің ішінде байланыс операторларын, қызметтер провайдерлерін, телекоммуникациялар желілерінің иелерін хабардар етеді. Бұл ретте байланыс операторлары мен желі иелеріне қолданыстағыға баламалы нөмірлеу ресурсы ұсынылады. Қазақстан Республикасының желілерін цифрлық станцияларға көшіру шамасына қарай уәкілетті орган шұғыл және анықтамалық-ақпараттық, тапсырыс беру қызметтеріне қатынау үшін бөлінген «1UV» нөмірлерін Қазақстан Республикасының нөмірлеу жүйесі мен жоспарына сәйкес «1UV (Х1(Х2))» нөмірлеріне ауыстырады. 32. Уәкілетті орган нөмірлеу ресурсын алып қоюды мынадай жағдайларда жүзеге асырады: 1) нөмірлеу ресурсын алушының өтініші бойынша; 2) байланыс операторы (қызмет провайдерінің) лицензиясының қолданысы тоқтатылады; 3) байланыс операторы (қызмет провайдері) нөмірлеу ресурсын пайдалануды реттейтін нормативтік құжаттарды бұзғанда; 4) байланыс операторы, қызмет провайдері, ведомстволық телекоммуникациялар желісінің, арнайы тағайындалған телекоммуникациялар желісінің, корпоративтік желінің иесі бөлінген «АВС» кодымен нөмірлеудің географиялық анықталатын аймағындағы жергілікті телекоммуникациялар желілерінің нөмірлеу ресурсының 50 пайыздан астамын тағайындалған сәттен бастап екі жылдың ішінде пайдаланбағанда (уәкілетті орган жүзеге асыратын тексеру нәтижелері бойынша); 5) нөмірлеу ресурсын алушымен нөмірлеу ресурсын пайдаланбағанда («DEF» кодтары мен «DEF» кодындағы «Х1», «Х1Х2» индекстері; қызметтердің қол жеткізу кодтарын пайдалануымен байланыс қызметтерін ұсынатын (Х1Х2Х3)/(Х1Х2Х3Х4) операторлар кодтары; «1UV (Х1(Х2))» шұғыл жедел, ақпараттық-анықтамалық және тапсырыс беру қызметтеріне қол жеткізу нөмірлері, қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының таңдау префикстері) тағайындалған сәттен бастап екі жылдың ішінде 6 айдан астам таңдау префикстері (уәкілетті орган жүзеге асыратын тексеру нәтижелері бойынша). Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою қағидаларына 1-қосымша Нысан Бөлінген және резервтік нөмірлеу ресурстарының тізілімі № р/с Нөмір-леу ресурсы Бөлінген және резер-втік нөмір-леу ресурс-тары-ның саны Пайда-лану аумағы Нөмірлеу ресурсын алушының атауы мен ұйым-дастыру-шылық-құқықтық нысаны Нөмірлеу ресурсын бөлу, өзгерту, қайтарып алу туралы бұйрықтың нөмірі мен қол қойылған күні Қызмет атауы Ескерт-пе 1 2 3 4 5 6 7 8 Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою қағидаларына 2-қосымша Нысан Бірыңғай телекоммуникация желісінің нөмірлеу ресурсын бөлуге өтініш 1. Өтініш беруші (заңды тұлғалар үшін – толық және қысқаша атауы, жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты). 2. ЖСН/БСН. 3. Пошталық мекенжайы. 4. Байланыс деректемелері (телефон, факс, телекс). 5. Банктік деректемелер. 6. Уәкілетті орган берген лицензиясының және оның қосымшасының деректемелері (лицензияланатын байланыс қызметтерін көрсеткен жағдайда). 7. Желінің толық және қысқартылған атауы (егер болса). 8. Желіні құруға және пайдалануға жауапты тұлғаның лауазымы, аты-жөні. 9. Сұратылатын нөмірлеу ресурсының көлемі. 10. Сұратылатын нөмірлеу ресурсын пайдалану болжанып отырған аумақ. Қоса берілетін құжаттар: 1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ресімделген түсіндірме жазба; 2) заңды тұлға үшін – жедел іздестіру қызметін жүргізетін органдардан басқа – Жарғының көшірмесі; 3) дара кәсіпкер үшін – өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі. ______________________ (өтінішке қол қоюға уәкілетті тұлғаның лауазымы) ______________________ (лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.А) Мөр орны Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою қағидаларына 3-қосымша Нысан Түсіндірме жазба 1. Желінің атауы мен түрі. 2. Желінің қызмет етуін қамтамасыз ететін әкімшілік-ұйымдастыру қағидаттары (меншік нысаны, иесі, пайдаланылатын кәсіпорындар, кәсіпорын – халықаралық оператор, олардың құқықтық және функционалдық қатынастары). 3. Өтінім беру кезіндегі желінің пайдалануға дайындығы (немесе пайдалануды бастау мерзімі). 4. Желі құрудың қысқаша техникалық қағидаттары: 1) құрылымы, оның ішінде қалааралық (халықаралық, аймақішілік) желілермен өзара іс-қимылын жүзеге асыратын элементтер; 2) қалааралық (халықаралық) желілермен түйісуді техникалық қамтамасыз ету (желіаралық түйісу хаттамалары, тікелей түйісу, байланыс арналарының түрлері және оларды ұйымдастыру тәсілдері). 5. Қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерін, Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін, IP-телефония қызметтеріне (Интернет-телефония) және байланыстың интеллектуалдық желілер қызметтеріне ұсыну үшін ұйымдастыру-техникалық дайындығы (шет елдердің түйіндесу желілерінің операторларымен, отандық желілермен немесе транзит беру туралы халықаралық транзиттік тораптармен, халықаралық арналар жабдықтаушыларымен келісімдердің болуы, техникалық құралдардың болуы және функционалдық дайындығы). 6. Желінің жұмыс істеу ауқымы: 1) желі топологиясы (Қазақстан Республикасының, ТМД елдерінің, басқа да шет елдердің желі қамтитын қалалары мен аймақтарының тізбесі); 2) пайдаланушылардың, оның ішінде қалааралық (халықаралық) байланыс қызметтерімен пайдаланылатындардың саны; 3) тікелей түйіндесу жүргізілетін шетел желілері мен транзиттік тораптарының тізбесі; 4) пайдаланушыларға, тапсырыс берілген желімен тікелей түйіндесуі жоқ шетел желілерінің абоненттеріне шығуды ұсыну мүмкіндігі; 5) қалааралық (халықаралық) трафик (кіріс, шығыс); 6) қызметтердің құрамы. 7. Желінің нөмірлеу жоспарын құру қағидаттары. 8. Қызметтердің сипаты. Ескертпе: 1) 4, 5-тармақтар бойынша мәліметтер өтініш беру кезіндегі жағдай бойынша жазылады және желіні дамыту жоспары бойынша деректер келтіріледі; 2) 5-тармақ нөмірлеу аймағының «DEF» кодтарын, «DEFХ1» және «DEF Х1Х2» кодтарын, қызметтерге қолжетімділік кодтарындағы «Х1Х2Х3(Х4)» байланыс операторларының (қызметтер провайдерлерінің) кодтарын сұрататын операторлар үшін ғана; оператордың таңдау префиксін сұрататын қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары үшін ғана қолданылады; 3) 6-тармақтың 3)-5) тармақшалары нөмірлеу аймағының «DEF» кодтарын, «DEF Х1» және «DEF Х1Х2» кодтарын сұрататын операторлар үшін ғана жарамды; 4) егер бұрын лицензия алуға ұсынылған түсіндірме жазба өзгертілсе, 7-тармақ бойынша жаңа нөмірлеу жоспары қосымша беріледі. Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою қағидаларына 4-қосымша Нысан Бірыңғай телекоммуникация желісінің нөмірлеу ресурсын алып қоюға өтініш 1. Өтініш беруші (заңды тұлғалар үшін – толық және қысқаша атауы, жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты). 2. ЖСН/БСН. 3. Пошталық мекенжайы. 4. Байланыс деректемелері (телефон, факс, телефон). 5. Алып қоюға ұсынылатын нөмірлеу ресурсының көлемі. 6. Нөмірлеу ресурсын алып қоюға өтініш берген аумақ. 7. Нөмірлеу ресурсын алып қоюға өтініш беру себебі. 8. Өтінімге қоса нөмірлеу ресурсын бөлу туралы бұйрықтың көшірмесі ұсынылады. ______________________ (өтінішке қол қоюға уәкілетті тұлғаның лауазымы) ______________________ (лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.А) Мөр орны Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 16 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10445 болып енгізілді.